“Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы” дебат турнирін ұйымдастырды. Сол турнирде Қасымбек Сабина мен Шотбай Айкүміс қатысып белсене қатысқаны үшін марапатталды. Дебат жетекшісі: Мәрден Арайлым Боранбайқызы.
Республика күніне орай Арқалық қаласы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен үстел теннисінен жекелей қалалық турнир өтті, 11-14 жас дәрежесі бойынша ер балалар арасында Т. Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебінің 6 - сынып оқушысы Қоныс Адай Сағатұлы қатысып, жүлделі 1-орынға ие болып жеңімпаз атанды. Жетекшісі Қабылбек Тұралы Жайлаубекұлы.
«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі Жас Ұлан ұйымы жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “Денсаулық айнасы” клубы өткізген “Салауатты өмір салты” атты қалалық бейнеролик байқауына қатысып 6-сынып оқушысы Қасымбек Инсар жүлделі 2-орынға ие болды. «Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі Жас Ұлан ұйымы жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген “Мен Экоблогермін” байқауына 9 сынып оқушысы Қоныс Мақсат қатысып, жүлделі І орынды иеленді.
“Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер орталығы” ұйымдастырған “Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлғалар” атты қалалық байқауының “Әуезов әлемі” интеллектуалды сайысына қатысып Қоныс Мақсат жүлделі II орынға ие болды.
“Жас Ұлан балалар мен жасөспірімдер орталығы” ұйымдастырған “Ұрпағы ұлықтаған ұлы тұлғалар” атты қалалық байқауының эссе номинациясына қатысып Қасымбек Сабина жүлделі II орынға ие болды.
Кейкі батырдың 100 жылдығына орай «Ұлы даланың – Ұлы батыры» атты қалалық ақындар мүшайрасы байқауында «Жас ақын» номинациясына мектебіміздің оқушысы Қасымбек Сабина ие болды.
Ғ.Мүсіреповтың «Ана» тақырыбында жазылған шығармалары атты қалалық ата-аналар арасында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша өткен сайыста мектебіміздің ата-анасы Мұқашова Гүлбақыт Мирасбекқызы жүлделі ІІІ орынды иеленіп алды. «Менің Отаным – Қазақстан» туристік экспедициялық жасақтардың қалалық слеті «Туризм – спорт, денсаулық, демалыс» бағыты бойынша қатысқаны үшін 9 сынып оқушысы Қоныс Мақсат мадақтамамен марапатталса, «Халық дәстүрлері, әдет ғұрыптар мен туған өлкенің мәдениеті» бағыты бойынша 8 сынып оқушысы Қасымбек Сабина ІІІ орынды иеленді.Осы қалалық слетіне шәкірт дайындағаны үшін мектебіміздің «Жас Ұлан» ұйымының жетекшісі Кабжанов Қорғанбек Жұмағалиұлы алғыс хатпен марапатталды.
«Арқалық қаласы әкімдігі білім бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен С.Торайғыровтың 130 жылдығына орай сынып жетекшілер арасында өткізілген іс-шарада 2 сынып жетекшісі Балтамуратова Айзат Жұмағалиқызы «Ең ұшқыр ойлы» номинациясына ие болды.
Қала және ауыл мектептерінің мектеп құрама команда оқушылары арасында «Жас Ұлан» БЖО біріншілігі есебінде үстел теннисі жарысында жүлделі 2-орын Т.Әубәкіров атындағы мектеп командасы иеленді.
Арқалық көпсалалы колледжінің өткізген «Алтын Ракетка – 2022жыл» ойынында Т.Әубәкіров атындағы негізгі мектеп құрама командасы І орын иеленді.
Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, батыр А.Имановтың 150 жылдығына орай ауыл мектептерінің оқушылары арасында қосымша білім беру орталығының жүлдесі үшін өткен шаңғы жарысында ІІ орынға мектеп командасы ие болды. «Денсаулық, шаңғы жолымен – 2023» шаңғы спортының фестивалінде 15-16 жас дәрежесі бойынша қыздар арасында 2 шақырым қашықтықта І орынды Кабдимажитова Асылайым жеңіп алды. Дәл осы мәтінде 14 және төмен жас дәрежесі бойынша қыздар арасында І орынды Қасымбек Сабина жеңіп алды. «Денсаулық, шаңғы жолымен – 2023» шаңғы спортының фестивалінде 14 және төмен жас дәрежесі ұлдар арасында 2 шақырым қашықтықта ІІІ орынды Дүйсенбай Жандос жеңіп алды. «Мектеп лигасы – 2023» бағдарламасындағы үстел теннисінен ауыл және қала мектептерінің 7-8 сынып оқушылары арасында І орын Ақышбеков Алмат алды. Сонымен қатар «Мектеп лигасы – 2023» командалық есепте І орын алғаны үшін Т.Әубәкіров мектеп командасы жеңіске жетті. «Мектеп лигасы – 2023» І орын алғаны үшін Дүйсенбай Жандос, Нуржанова Нурсая марапатталды. «Мектеп лигасы – 2023» бағдарламасындағы үстел теннисінен ауыл және қала мектептерінің 5-6 сынып оқушылары арасында І орын алғаны үшін мектеп командасы марапатталды. «Мектеп лигасы – 2023» бағдарламасындағы үстел теннисінен 5-6 сынып оқушылары арасында Қасымбек Инсар І орын иеленсе, Сапарбай Айшабибі І орын, Қоныс Адай І орын иеленді. ҚР Символикасының 30 жылдығына орай шаңғыдан 2007-2008 жылы туылған қыз балалар арасында 1000 метр қашықтықта Кабдимажитова Асылайым ІІ орын иеленсе, 2009-2010 жылы туылған арасында ІІ орынды Қасымбек Сабина ІІ орын иеленді. Ұлт-азаттық көтерілістің басшысы, батыр А.Имановтың 150 жылдығына орай ауыл мектептерінің оқушылары арасында «Жеңіс» спартакиадасы шеңберінде өткен шаңғы жарысынан мектеп командасы ІІ орынға ие болса, 2000м қашықтықта Дүйсенбай Жандос І орын, Нұржанова Нұрсая ІІІ орын, 1000м қашықтықта Қасымбек Инсар ІІ орын, 2000м Ақышбеков Алмат ІІІ орын, 2000м Қасымбек Сабина І орын иеленді. Арқалық қаласы оқу орындарындағы білім алушылар мен оқушылардың физикалық тұрғыда денсаулығын нығайту сонымен қатар үстел теннисі спортына қызығушылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылған «Алтын ракетка» турнирінде мектеп командасы І орын иеленді. А.Имановтың 150 жылдығына орай «Жұлдыз» спартакиадасында 2000м қашықтықта 2007-2008ж қыз балалар арасында Қасымбек Сабина ІІ орын, Кабдимажитова Асылайым І орын иеленді. Жетістіктері үшін Қасымбек Сабина және Кабдимажитова Асылайым Қостанай облысына жолдама алып, барып келді. Орын жоқ. Үстел теннисінен жетістіктері үшін мектеп командасы Лисаковск қаласына жолдама алып, барып келді. 4 орын иеленіп келді.
«Ұлттық рухани жаңғыруә ұлттық жобаны іске асыру аясында «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен өткізілген «Қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы А.Құнанбайұлы» атты қалалық байқауына қатысып Қоныс Мақсат ІІІ орын алды.
Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі»КММ «Елжандылық-ұлттық рухтың асқақ кепілі» қалалық дебат турниріне белсене қатысып, өзекті тақырыптарды талқылауда ұтымды пікір білдіргені үшін «Ақиқат ұшқыны» фракциясы марапатталды.
«Арқалық қаласы білім бөлімінің қосымша білім беру орталығы» ұйымдастырған С.Мәуленовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Жырлары жүректі жаулаған» тақырыбында көркемсөз оқу бойынша 8 сынып оқушысы ІІ орын иеленді.
1 мамыр Ынтымақ күні қарсаңында қалалық жеңіл жүгірістен 2000м қашықтықта 1-орынға 8 сынып оқушысы Қасымбек Сабина ие болды.
Арқалық қаласы әкімінің жүлдесі үшін ауыл мектептерінің кіші топ оқушылыры арасында өткен футбол жарысында 2-орынға ие болған Т.Әубәкіров атындағы мектеп командасы мадақтамамен және медальдармен марапатталды. 31 мамыр «Ашаршылық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні» қарсаңында ауыл мектеп оқушылары арасында өткізілген «Мәңгі есімізде» қалалық тарихи – зияткерлік байқауына қатысқаны үшін мектебіміздің оқушылары мадақтамамен марапатталды.

