| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Тәрбие жоспар 2023-2024 Аубакирова |
Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге және субъективті жаңа білімді меңгеруге, ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру;
Мектептегі тәрбие саласы.
Мектепішілік тәрбие жұмысының әдістемелік тақырыбы:
Ұлттық рухы биік, адамгершілігі жоғары, салауатты өмір салтын ұстанатын, елінің өткенін құрмет тұтып, ертеңіне өз үлесін қосуды парызым деп білетін жан-жақты білімді, қабілетті, жаңашыл тұлға қалыптастыру.
Тәрбие жұмысының басым бағыттары
Бірінші бағыт –Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие.
Мақсаты: Жаңа демократиялық қоғамда өмір сүруге қабілетті азаматты және патриотты; тұлғаның саяси, құқықтық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін; балалар мен жастардың құқықтық санасын, оларда балалар мен жастар ортасындағы
қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа қарсы тұру даярлығын қалыптастыру.
Екінші бағыт – Рухани-адамгершілік тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның қазақстандық қоғам өмірінің жалпыадамзаттық құндылықтарымен, нормаларымен және дәстүрлерімен келісілген рухани-адамгершілік және этикалық ұстанымдарын, моральдық қасиеттерін және көзқарастарын қалыптастыру.
Үшінші бағыт – Ұлттық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаны ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарға, ана тілін және мемлекеттік тілді, қазақ халқының, Қазақстан Республикасындағы этностар мен этникалық топтардың мәдениетін құрметтеуге бағдарлау.
Төртінші бағыт – Отбасы тәрбиесі
Мақсаты:Ата-аналарды оқыту, бала тәрбиесінде олардың психологиялық-педагогикалық құзыреттіліктерін және жауапкершіліктерін арттыру.
Бесінші бағыт – Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие
Мақсаты:Тұлғаның өзін кәсіби анықтауына саналы қарым-қатынасын қалыптастыру, экономикалық ойлауын және экологиялық мәдениетін дамыту.
Алтыншы бағыт - Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі
Мақсаты:Әрбір тұлғаның зияткерлік мүмкіндігін, көшбасшылық қасиеттерін және
дарындылығын, сондай-ақ ақпараттық мәдениетін дамытуды қамтамасыз ететін
уәждемелік кеңістік қалыптастыру.
Жетінші бағыт - Көпмәдениетті және көркем-эстетикалық тәрбие
Мақсаты: тұлғаның жалпымәдени мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, тұлғаның өнердегі және болмыстағы эстетикалық нысандарды қабылдау, меңгеру және бағалау
әзірлігін дамыту, білім беру ұйымдарында көпмәдениетті орта құру.
Сегізінші бағыт - Дене тәрбиесі, салауатты өмір салты.
Мақсаты: Салауаттыөмір салты, дене дамуы және психологиялық денсаулық сақтау дағдыларын, денсаулыққа зиян келтіретін факторларды анықтау біліктілігін ойдағыдай
қалыптастыру үшін кеңістік орнату.
Баланы тәрбиелеу үздіксіз процесс, ол оның бос уақытында да жүзеге асырылады.
Адам өмірінде бос уақыттың рөлі өте ерекше. Ол демалу, тынығу үшін емес, рухани қажетін өтеуге, ойлау қабілетінің жетілуіне, жалпы жан - жақты болуына арналды. Т.Әубәкіров атындағы негізгі орта мектебі бойынша 2022-2023 оқу жылында оқушылардың клубқа тартылуы. Биылғы оқу жылында «Ақиқат ұшқыны» дебат клубы, «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, «Жаңа көзқарас» театр клубтары ПДО есебінен ақылы түрде жүргізіледі.
|
№ |
Клуб, үйірмелер |
Қатысатын бала саны |
Ер бала |
Қыз бала |
|
1 |
«Былғары доп» |
8 |
8 |
0 |
|
2 |
«Ақиқат ұшқыны» дебат клубы |
8 |
4 |
4 |
|
3 |
«Адал ұрпақ» ЕМК |
10 |
5 |
5 |
|
4 |
«Үстел теннисі» |
6 |
4 |
2 |
|
5 |
«Жаңа көзқарас» театр клубы |
8 |
4 |
4 |
Клуб уақытылы жұмыс атқарып отыр. Әр түрлі сайыстарға, байқауларға қатысып жүлделі орындарға ие болуда.
Білім алушылардың рухани-адамгершілік, азаматтық-патриоттық, көркемдік-эстетикалық, еңбек және дене тәрбиесін іске асыруды қамтамасыз ететін жиынтығында сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру сабақтан тыс іс-әрекеттің әртүрлі нысандарын ұйымдастыру;
Осы бағдарламаның мақсаты мектепте аса өнегелі батамашыл және әлеуметтік құзырлы азаматты және патриотты қалыптасытыру үшін жағдай жасалу керек .
Рухани–адамгершілік және азаматтық–патриоттық тәрбиелеуге бағытталған шараларды іске асырудамыз. Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез құлқының адамгершілікке этикалық құндылық негіздерін қалыптасытру. Этикалық құндылық негіздерін қалыптасытру. Эстетикалық тәрбиелеу оқушылардың эстетикалық талғамын және қоршаған ақиқатқа мейірімді және патриоттық көзқарасын тәрбиелеуге тәрбиелеуге жәрдемдесетін оқушылардың өнер,әдебиет туындылардын көркемдігін түсінуін дамытуға бағытталған .
Мәдени бұқаралық, іс-шаралар, акциялар, қоғамдық ардагерлер ұйымдарынын кездесулер, және басқа да әлеуметтік маңызды іс –шараларды ұйымдастырылуда.
Жалпы білім беру жүйесін ізгілендіру қажеттілігі, қазіргі таңда рухани адамгершілік тәрбие беру мәселесінің өзектілігі күн санап арта түсуде .
Білім алушылардың таным мәселелерін шешуге субьективті жаңа білімді меңгеруге ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысын іске асыру.
Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы азаматтық ғылым мен практика жетістіктері негізінде адамды қалыптастыруға кәсіби шындауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар оқытудын жаңа технологияларын еңгізу білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу деп білім беру жүйесіне одан әрі дамыту міндеттерін көздейді .Оқу мен тәрбие егіз. Ұлттық дәстүрлерді, мәдениетті зерделеуге және жалпы адамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді.
Осы заманға білім берудің стратегиялық мақсатын өз жауапкершілігін сезіне алатын өздігінен әрекет етуге және әрекетінің шешімін таба білуге қабілетті, барлық істе сауатты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеуде қамтамасыз ету болып табылады.

