ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ
Хаттама №3
12.12.2022ж
Төрайымы – Танаберген Ш.Қ
Хатшысы – Тусупова А.А
Қатысқандар: - 7
Қатыспағандар: - 0
КҮН ТӘРТІБІ:
- Әлеуметтік қорғалмаған санаттағы балалар үшін 2022-2023 оқу жылына арналған «Жалпыға бірдей білім беру» мектеп қорынан жаңа жылдық қалалық шыршаға оқушыларды жіберу туралы.
Тыңдалды: Жандосұлы Бауыржан - әлеуметтік педагог.
Жандосұлы Бауыржан қамқоршылық кеңес мүшелеріне көп балалы отбасылар оқушыларының заңды өкілдерінен қалалық жаңа жылдық шыршаға баруға өтініштер ұсынды.
2022-2023 оқу жылында мектебімізден қалалық шыршаға 3 оқушы баратын болып шешілді. Олар:
1) 2 сынып оқушысы Оңдасын Жәнібек – көп балалы отбасы
2) 4 сынып оқушысы Мереке Бақыткелді – көп балалы отбасы
3) 5 сынып оқушысы Сабыр Хануза – көп балалы отбасы
Дауыс бергендер: - 7, қарсы - 0.
ШЕШІЛДІ:
- Алқалы орган ашық дауыс беру арқылы аталған оқушылардың қалалық жаңа жылдық шыршаға қатысуына қарсы емес екендігі туралы шешім қабылдады.
Төрайымы: Танаберген Ш.Қ
Хатшы: Тусупова А

